4 науқас қайтыс болды: Коронавирус індетін 500 адам жұқтырды

2020 03 29 14 23 22 1

Қазақстанда тағы бір науқас коронавирус індетінен көз жұмып, қайтыс болғандардың саны 4 адамға жетті

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 36 адам тiркелдi, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

«Алматы қаласында 16, Атырау облысында 2, Солтүстік Қазақстан облысында 7 , Жамбыл облысында 1, Шымкент қаласында 1, Түркістан облысында 4, Маңғыстау облысында 1, Қарағанды облысында 4 науқас анықталды», – делінген хабарламада. 

Түркістан облысында бір адам коронавирустан көз жұмды. Осылайша елімізде індеттен қайтыс болғандардың саны 4 адамға жетті.

Соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда 500 адам коронавирус жұқтырды:  

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 202,
  • Алматы қаласы – 109,
  • Шымкент қаласы – 12,
  • Ақмола облысы – 19,
  • Ақтөбе облысы – 7,
  • Алматы облысы – 9,
  • Атырау облысы – 22,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 4,
  • Жамбыл облысы – 9,
  • Батыс Қазақстан облысы – 2,
  • Қарағанды облысы – 26,
  • Қостанай облысы – 1,
  • Қызылорда облысы – 26,
  • Маңғыстау облысы – 3,
  • Павлодар облысы – 1,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 25,
  • Түркістан облысы – 23.