Коронавирус Қостанай облысына жетті

2020 04 03 19 13 04

Қостанай облысында коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 3 сәуірдің 18.10 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тiркелдi, Шығыс Қазақстан облысында – 1 адам, Жамбыл облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 3 адам, Қостанай облысында – 1 адам.

«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 199 адам, Алматы қаласында – 93 адам, Қарағанды облысында – 22 адам, Ақмола облысында – 19 адам, Атырау облысы – 20 адам, Жамбыл облысында – 8 адам, Шымкент қаласында – 11 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 4 адам, Алматы облысында – 9 адам, Ақтөбе облысында – 7 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 18 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 26 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 19 адам, Қостанай облысында – 1 адам, жалпы 460 науқас тіркелді», – делінген хабарламада.