Павлодарда ер адам маршруттық таксиге оқ атты

be28c7cd2c79fa1be093a8213cf7245be07bd8c3
Оқиға Малайсары батыр көшесінде таңғы сағат 9-да болған.

Павлодарда белгісіз ер адам маршруттық таксиге оқ атты, деп жазады Pavon.kz.

Оқиға Малайсары батыр көшесінде таңғы сағат 9-да болған.

Белгісіз адам пневматикалық қарудан микроавтобусқа бірнеше рет оқ жаудырған. Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған видеодан автобустың терезесі сынғанын көруге болады.

Күдікті дереу қолға түсті. Оның оқты пәтер терезесінен атқаны белгілі болды.

Пневматикалық тапанша тәркіленді.

Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.