42 500 теңге: Премьер-министр қазақстандықтарға есепшот ашуды тапсырды

12090279

Қазақстан премьер-министрі табысынан айырылған азаматтарға  есепшот ашу жұмысын қолға алу қажеттігін атап өтті.

Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин қазақстандықтар төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге көлемінде төлем алуы үшін оларға есепшот ашуды тапсырды.

«Премьер-министр төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандар төлем алуы (42 500 теңге) үшін азаматтарға есепшот ашу жұмысын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті», – делінген үкімет басшысының ресми сайтында.

Мемлекеттік комиссия мектеп оқушыларының төртінші тоқсанда қашықтан оқу мәселесін қарастырды.

«Білім және цифрлық даму министрліктеріне қашықтан оқыту процесіне мониторинг жүргізіп, әдістемелік қолдау көрсетуді тапсырамын», — деді Мамин.

42 500 теңге төлемді қалай алуға болады

Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшеріне төлем алуға өтініш беру үшін қосымша сервис іске қосылды.

Ол үшін не істеу керек:

  • https://42500.enbek.kz сайтына кіру;»42 500 жәрдемақы алу» дегенді таңдау;
  • өтініш берушінің аты-жөні, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН, email көрсетілген форманы толтыру;
  • форманы жіберу;
  • жүйе телефон нөмірін көрсетуді сұрайды;
  • SMS хабарлама арқылы жіберілген кодпен телефон нөмірін растау;
  • Өтініш жіберілді.

Өтінішті өңдеп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы деректерді тексергеннен кейін, өтініш беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлемді тағайындау және төлеу туралы ақпарат жіберіледі.