42500 теңгелік төлемге арнайы сайтта өтініш беру алгоритмі жарияланды

news full15858996805b0b949a642f6e934dd97aa1dcba1e94

Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін 42500 теңгелік төлемді алу үшін қандай қадамдар орындау керектігі айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

42500 теңгелік төлемге арнайы сайтта өтініш беру алгоритмі жарияланды

Атап кетерлік жайт, өкінішке орай, материал жазылған сәтте жоғарыда көрсетілген сайтқа кіру мүмкін болмады.

МӘСҚ-тан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде төлемге өтініш беру үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

1) https://42500.enbek.kz сайтына кіріңіз;

2) «жәрдемақы алу 42 500» таңдаңыз;

3) өтініш берушінің аты-жөні, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН, электронды поштасы көрсетілген нысанды (форма) толтырыңыз;

4) нысанды (форма) жіберу керек;

5) жүйе телефон нөмірін сұрайды;

6) телефон нөмірін SMS арқылы жіберілген кодпен растау;

7) өтініш жіберілді.

Өтінішті өңдеп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ деректерін тексергеннен кейін, өтініш беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады. Ақпарат төлемді тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-қа жіберіледі.