42500.enbek.kz сайты арқылы жәрдемақы алудың жолы

11429439 1

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ деректерін тексергеннен кейін, өтініш беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42500.enbek.kz сайты арқылы жәрдемақы алу алгоритмiн жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

1. https://42500.enbek.kz сайтына кіріңіз;

2. «Жәрдемақы алу 42 500» таңдаңыз;

3. Өтініш берушінің аты-жөні, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН, электронды поштасы көрсетілген нысанды (форманы) толтырыңыз;

4. Нысан (форма) жіберiлiп, жүйе телефон нөмірін сұрайды;

6. Телефон нөмірін SMS арқылы жіберілген кодпен растайсыз;

7. Өтініш жіберілді.

Өтінішті өңдеп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ деректерін тексергеннен кейін, өтініш беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады.

Ақпарат төлемді тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-қа жіберіледі.