42 500 ТЕҢГЕ: ЖӘРДЕМАҚЫ АЛУҒА АРНАЛҒАН САЙТ ІСТЕН ШЫҚТЫ

2020 04 02 15 07 59

Төтенше жағдайға байланысты табыстан айырылғандарға өтініштердің көптеп түсуіне байланысты электронды үкімет порталы дұрыс істемей қала берген, – , – деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі.

Сол себепті арнайы сайт ашып, сол арқылы өтініш қабылдауға шешім қабылданатыны туралы және ол 2 сәуірден бастап, яғни бүгіннен бастап іске қосылуы керектігін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтқан болатын. Алайда бүгін арнайы сайт істемейді.

«Компьютер жоқ болса, өтінішті ұялы телефонмен де беруге болады. Ол үшін ертеңнен бастап Telegram-бот іске қосылады. Telegram деген ұялы қосымшасын жүктеу керек. Сол жерде 42 500 теңгеге арналған арнайы қызмет болады. Соған өз мәліметіңізді, есепшотыңызда енгізесіз де, СМС арқылы өз қолтаңбаңызды растайсыз», – деп мәлімдеген Нұрымбетов.
Алайда бүгінде үкімет сайты да,  Telegram-ботта іске қосылмай тұр. 42500 теңгеден үмітті қазақстандықтар ешқандай пәрмен орындалмай жатқаны туралы жазып жатыр.