Атырауда әйел карантин режимін бұзды.
«63 жасар азаматша 29 наурызда төтенше жағдай кезінде белгіленген талаптарды бұзып, карантин мерзімінен өз үйінен кетіп қалған. Сот қаулысымен азаматша кінәлі деп танылып, оған ескерту түріндегі жаза қолданылды, — деп хабарлайды қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, бұл әйелдің үйден шығып бара жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарап, ісі сотқа жолданған болатын.