Әлеуметтік желіге тараған видеода Астанада бір кісінің өз-өзін өртеп жібергені айтылған. Автордың сөзінше, ер адам 3 миллион теңге несие алып, бар қаражатын Геннадий Головкиннің жеңісіне қойған.

Today.kz тілшісі Астана ІІД-ден осы жайтқа қатысты пікір сұрады.

“Бұл видеода Астанада болған өрт көрінеді. Донерхана өртенді. Естеріңізге салайық, жалған ақпарат таратқан адам ҚР ҚК 274 бабы бойынша жазаға тартылады – 1000 АЕК көлемінде айыппұлдан бастап, бас бостандығынан айырылуы мүмкін”, – деді Астана ІІД ресми өкілі Софья Қылышбекова.

ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ақпаратынша, Астанада 16 қыркүйекте донерханадан шыққан өрттен басқа ештеңе өртенбеген.

“Әңгіме донерханадан шыққан өрт туралы. Астанада бір ғана өрт болды. Әлеуметтік желіге тарап жатқан роликте ер адам өзін өртегені айтылады, пікірді басқа ер адам айтқан, ол жол жиегіне тоқтаған. Бізде Астанада бір ғана өрт тіркелді. Бұл 16 қыркүйекте 12:46-да “Алматы” ауданында Күйші Дина көшесі, 31 мекенжайында болған”, – деді ІІД ТЖ Комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Иманқұловтың сөзінше, донерхананың қасындағы контейнер де өртенген. Өрт көлемі 30 шаршы метрді құраған. Өрт 13:02-де ауыздықталған.

Руслан Иманқұловтың сөзінше, зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

Бөлісу:


Загрузка...
Жариялағанtoday.kz