Коронавирустан көз жұмған үшінші қазақстандық 62 жаста болған

2020 04 01 09 37 26

Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қайтыс болған адам Теміртауда нотариус болып жұмыс істеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ер адам 30 наурызда Қарағандыда қалалық ауруханаға түсті, госпитализация кезінде оған екі жақты пневмония және тыныс алу жеткіліксіздігі диагнозы қойылған. Науқас жансақтау бөліміне жатқызылды. Оның жағдайы біртіндеп нашарлаған. Өлім бүгін таңертеңгі 7:00-де тіркелді.

«Науқас емханаға түскеннен кейін, коронавирусқа сынақ тапсырды. Коронавирус індеті ер адам қайтыс болғаннан кейін расталды. Оған дейін науқас ауруханаға жүгінбеген», – деді Қарағанды ​​облысы денсаулық сақтау департаментінің қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі Бибігүл Төлегенова.

Сапаны бақылау бөлімінің бастығы Қанат Асқаров қазір дәрігерлер коронавирустан қайтыс болған адамдармен байланыс шеңберін құрғандар анықталғанын атап өтті: «36 адам – ​​жақын байланыста болған, олар қазір анықталды. Ал ықтимал байланысы барлар – 20 адам».