Мадина Сәдуақасова Тоқаевтың үндеуіне байланысты пікір білдірді

2020 04 01 10 12 34

Еліміздің танымал әншісі Мадина Сәдуақасова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың күні кеше Қазақстан халқына жасаған мәлімдемесінен ерекше әсер алған. Өнер иесі әлеуметтік желіде президеттің үндеуіне қатысты пікір білдіріп, оның сөздері қзіне күш бергендей болғанын жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова Instagram парақшасында мемлекет басшысының мәлімдемесі жайлы арнайы жазба қалдырған. Эстрада жұлдызы Тоқаевтың әрбір айтқан сөзіне толықтай қосылып, еліміздің басына туған қиын кезеңде оның қабылдап жатқан шешімдеріне қолдау білдірді.

– «Президентіміз Қасым -Жомарт Кемелұлының бүгінгі сөздері расында, күш берді! Еліміздегі болып жатқан қиыншылықтардың барлығында халықпен бірге болып, қолдап жатқаныңызға алғысымыз шексіз сізге. Індетті жеңеміз! Біз біргеміз», – деп жазды әнші.

Сонымен қатар, президенттің сөздері Асхат Садырбайға да ерекше әсер қалдырған. Белгілі журналист мемлекет басшысы елімізге дәл қазіргі таңда аса маңызды әрі қажетті шешімдерді қабылдап жатқанын атап өтті.

– «Президентіміздің бүгінгі мәлімдемесін толық тыңдап шықтық. Тап осы уақытта Қазақстанға өте қажет шешімдер қолға алынғалы тұр екен. Лайым берекелі, қайырлы болғай! Өзіме қатты ұнаған мәселелер суретте тұр. Карантин басталғалы ауыл шаруашылығы мәселелері қатты алаңдап жүрген едім. Ел аман, бейітшілік заман болғай» , – деп жазды ол.

Айта кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық телеарналар арқылы эфирге шығып, қазақстандықтарға маңызды мәлімдеме жасады. Президент коронавируске қатысты ТЖ жағдайында бірқатар маңызды мәселелерді көтеріп, халық үшін қажет шешімдерді қабылдады.

© Oinet.kz