Қазақстандық дәрігерлерге 3 ай бойы үстемақы төленеді – Тоқаев

news full158399311949e9e4540a326a9c10b65ba517c3a020

Дәрігерлердің жалақысына үш бойы үстемақы төленеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығына тәнті болуда.Олар – адам өміріне араша түсіп жатқан бүгінгі күннің батырлары.Сондықтан, пандемияға қарсы күрестің алдыңғы легінде жүргендерге қосымша қолдау көрсету жөнінде шешім қабылдадым. Дәрігерлерге және медицина қызметкерлеріне 3 ай бойы қосымша үстеме ақы төленеді.Медицина қызметкерлерінің өмірін сақтандыру мәселесі де шешімін тапты.Әрине, ақ халатты абзал жандар бұдан да зор қолдауға лайық», – деді президент.