Өзбекістан, Орта Азия және ТМД-елдерінің сүйікті әншісіне айналған Шахзоданың күйеуі өмірден өтті деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі gazeta.uz-ге сілтеме жасап.
Равшанбек Юлдашев наурыздың 30 күні Ташкентте жүрек талмасынан қайтыс болды деп хабарлайды Өзбекістан Мәдениет министрлігінің баспасөз-қызметі.
Равшанбек Юлдашев Tarona Records ән жазу студиясының негізін қалаушы, Марказ ТВ радио және телеарна басшыларының бірі, Тарона концерт ұйымдастырушысы, продюссер, кәсіпкер. Сондай-ақ өзбек елінің танымал әншісі Лола Юлдашеваның әкесі.
Равшанбек әнші Шахзоданың екінші заңды некеде жолдасы. Марқұмның артында Шахзоданың бірінші некесінен Салих және 7 жасар Халид есімді ұлдары қалды.