КОРОНАВИРУСТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ЕКІНШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ДЕРЕК ШЫҚТЫ

2020 03 31 15 36 57

Қайтыс болған ер адам ауруханаға ауыр халде түскен. Ода екі жақты пневмония және тыныс алу жетіспеушілігі болған. Ем алу уақытында науқастың жағдайы тек нашарлай берген, – деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Nur.kz порталына сілтеме жасап. 

Бұған ер адамның қант диабеті мен артериялық гипертензиямен ауыруы да әсер еткен. Ол ауруханаға түскеннен кейін келесі күні жансақтау бөліміне ауыстырылған. Диагностика кезінде науқастың коронавирус жұқтырғаны анықталды. Ер адам емді диагностика және COVID-19-дан емдеу хатаммасына сәйкес алған. Күн сайын дәрігерлер науқасқа көмектесудің жолдарын іздеу үшін консилиум өткізіп, медициналық университеттен мамандар шақырған.

Алайда, ақ халаттылардың күш-жігеріне және қарқынды терапияға қарамастан, пациентте көптеген органдардың, яғни тыныс алу, жүрек және бүйрек қызметінің бұзылуы байқалған. 31 наурыз күні таңғы сағат үш жарымда науқас көз жұмған.

Еске сала кетейік, бүгінде елордада коронавирус жұқтырудың 175 дерегі тіркелген. Олардың 15-і COVID-19 инфекциясынан жазылып шықты. Айта кетейік, соңғы деректерге сәйкес, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 325-ке жетті.