"Басқаша әрекет ете алмаймыз": Алматы облысының бас дәрігері үндеу жасады

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Бауыржан Ысқақ тұрғындар арасында тарайтын жалған ақпарат медицина мамандарының негізгі жұмыстарына айтарлықтай кедергі келтіретінін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Желіде таралатын жалған ақпараттар дәрігерлер жұмысына айтарлықтай кедергі келтіреді. Өйткені ел арасында денсаулық сақтау саласына қатысты қандай да бір жаңалық шыққан жағдайда, біз оны тексеріп, қайдан шыққанын анықтап білуіміз керек. Өз кезегінде ол біздің осыған дейін жасап кеткен жұмысымызды қайта қарап, тексеруге мәжбүр етеді.

Яғни біз мамандардың басым бөлігін осы жұмысқа бағыттаймыз да, дәрігерлер атқаруы тиіс негізгі жұмыстар кейінгі қалып қояды. Біз басқаша әрекет ете алмаймыз, өйткені біз тараған ақпараттың рас немесе жалған екенін білмейміз.  Ал оны анықтауға өте көп уақыт кетеді. Сондықтан мен ел азаматтарын тек тексерілген ресми ақпараттарға ғана сенуге шақырамын», - деді Бауыржан Ысқақ.

© Oinet.kz

Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888