Қызылорда қаласына кіріп-шығуға тыйым салынды

Қызылорда облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен 31 наурыз сағат 00.00-ден бастап Қызылорда қаласына кіріп-шығуға тыйым салынады.

Қызылорда қаласына барлық көлік түріне кіруге және одан шығуға тыйым салынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова коронавирус індетінің таралуына байланысты аймақ тұрғындарына жасаған үндеуінде мәлімдеді.

"Аймақта коронавирус жұқтырған бес қазақстандық анықталып отыр. Бұл жағдай тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қатаң шараларды қабылдауды талап етеді. Қызылорда облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен 31 наурыз сағат 00.00-ден бастап Қызылорда қаласына барлық көлік түріне кіруге және одан шығуға тыйым салынады", - деді ол.

Сонымен бірге, 1 сәуірден бастап теміржол қатынасы шектеледі.

"Облыс тұрғындарынан сұрайтыным: шектеу талаптарын қатаң сақтауға тиіспіз. Қоғамдық орындарда серуендеуді доғарып, үйден шықпай, дерттен оқшауланған жөн. Қазір кез келген адам вирус жұқтыруы ықтимал", - деді Әбдіқалықова.

Ал ережені бұзғандарға заң аясында жазаланады.

Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888