Фото:instagram.com/dr.thomas.schaefer
Германияда қаржы министрі Томас Шефер елдегі дағдарысқа байланысты суицид жасады, – деп хабарлайды Spiegel Politik.
Дереккөз мәліметінше, шенеунік 28 наурызда Франкфурт маңындағы теміржол аумағында өлі табылған. Куәгерлерден жауап алынған соң биліктегілер шенеунік өзіне қол салды деген шешімге келген.
Премьер-министр Фолькер Буффье 54 жастағы министрдің елде коронавирусқа байланысты болып жатқан дағдарыс проблемасына қатты алаңдағанын айтады.