200 МЫҢ АМЕРИКАНДЫҚТЫҢ ӨЛГЕНІ ӨТЕ ЖАҚСЫ КӨРСЕТКІШ – ДОНАЛЬД ТРАМП

Коронавирустың таралуының алдын алуға АҚШ билігі қарсы әрекет жасамағанда 2 млн-ға жуық американдық қаза табуы мүмкін еді. Сондықтан COVID-19 індетінен 100 ден 200 мың адамның өлімі туралы болжам өте жақсы көрсеткіш екенін мәлімдеген АҚШ президенті Дональд Трамп жексенбі күнгі өткен баспасөз конференциясында деп жазады,  newsroom+ агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Егер қаза болуды 100-200мың адамға дейін қысқарта білсек, біздің жақсы жұмыс атқарғанымыз»,- деп айтты Трамп.
Еске сала кетсек, бұдан алдын 2,2 млн адамның өлуі мүмкін деген болжам болған еді.
Ақ үйдің басшысы хабарлағандай, екі аптаның көлемінде індеттен қайтыс болудың шарықтау шегі күтіледі. Оның айтуынша, 1 маусымнан бастап қана мемлекет қалыпқа келе бастайды.
Сондай-ақ Трамп коронавирустың таралауына байланысты күресті 30 сәуірге дейін ұзартуды тапсырды.

Ең көп жұқтырғандар санымен АҚШ бүгінде бірінші орында тұр. Бүгінгі күні коронавирусты жүқтырғандардың саны 142 мың адам болса, оның 2 мыңнан астамы қайтыс болған.

/newsroom.kz/