Хирург өз өмірін арашалап қалды

afdae7c5079ebfb51578c24ba6b06259

1961 жылдың 29 сәуірінде алтыншы Кеңес антарктикалық экспедициясының хирург-дәрігері Леонид Рогозовтың кенеттен іші бүріп ауырып, дене қызуы көтеріліп кетеді. Қырсық шалғандай жанында экспедицияның екі қызметкерінен басқа тірі жан жоқ еді. Олар мүмкіндік болмағасын науқасты станциядан ұшырып әкете алмады. Бірақ экспедицияның жалғыз дәрігері Леонид сасқан жоқ. 

Өзгелердің өмірін арашалап жүрген дәрігер өз өмірін де құтқару үшін барын салады. Уақытты жоғалтпауға тырысқан ол өзіне аппендициттің қатерлі түрі деген диагноз қояды да ота жасауға кіріседі. Көмекшілерінің бірі метеоролог Александр Артемьев дәрігердің нұсқауымен  құрал-саймандарды әперіп тұрса, екіншісі  инженер-механик Зиновий Теплинский ішін көру үшін айна ұстап тұрды.

Screenshot_23.jpg

1 сағат 45 минуттың ішінде хирург аппендиксті алып тастап, ішін тігіп, операцияны сәтті аяқтап шығады. Екі күннен кейін науқастың тігіс жібін алады. Ал дене қызуы бес күннен кейін басылады. Жанкешті отадан кейін Рогозовтың аты әлемге жайылады.

Бұл кезде ол 27 жаста болатын. Сұхбатында хирург сол сәтті былай еске алады:

«Мен сол түні операциядан басқаны ойлай алмадым. Есімді жоғалтып алған жағдайда Саша Артемьев маған инъекция жасайтын еді. Себебі отаның алдында мен оған ине егуді үйреткен болатынмын. Менің байғұс көмекшілерім! Іске кіріспес бұрын мен олардың жүздеріне қарағанда үстілеріне киіп алған ақ халаттан да бозарып кеткен еді. Мен де қорықтым. Алайда тез есімді жинап алдым да новакаин құйылған шприцті алып өзіме алғашқы инъекцияны жасадым. Әрі қарай практика бойынша барлығын ретімен жасап шықтым».

/oinet.kz/