Қытайда коронавирус індетінің таралуы тоқтады. Бұл туралы ҚХР денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттің ресми өкілі Ми Фэн мәлімдеді, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
28 наурыздағы мәліметке сәйкес, елде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 3 мыңнан кем болған."Қытай аумағында эпидемияның таралуы тоқтады", - деді Ми Фэн. ҚХР-да коронавирусты 81 439 адам жұқтырған. 75 448 науқас аурудан жазылса, 3300 адам індеттен көз жұмған. Айта кетейік, Қазақстанда қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 271 адамға жетті.