Қостанай облысы жабылады

12510993

31 наурыздан бастап Қостанай облысы жабылады

Қостанай облысында коронавирусқа шалдығу жағдайы тіркелмеген. Барлығы Қазақстанда 271 адам COVID-19 жұқтырды

31 наурыздан бастап Қостанай облысына кіруге болмайды. Бұл туралы Instagram парақшасында өңір басшысы Архимед Мұхамбетов жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

29 наурыздың 17:45 сағатына дейін Қостанай облысында бірде-бір коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелмеген.

Тұрақты жағдайды сақтау үшін коронавирустың таралауына жол бермеу жөніндегі штабтың жедел отырысында облыс шекарасын жабу туралы шешім қабылданды.

«Отырыс қортындысы бойынша коронавирусқа қарсы шараларды күшейту туралы шешім қабылданды. 31 наурыздың 22.00 сағатынан бастап Қостанай облысына кіру шектеледі. 10 өткізу бекеті қойылады», – деді облыс әкімі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 271 адам коронавирус жұқтырған.

Қазіргі уақытта астана, Алматы және Шымкенттің тұрғын үй алабы карантинге жабылған болатын. 30 наурыздан бастап Ақтау, Атырау және Қарағанды облысындағы бес қалада карантин енгізіледі.