Министр қате ақпарат таратқаны үшін кешірім сұрады

12688493

Министр бұған дейін дағдарыс шараларына бөлінетін қаражат бюджеттен алынады деген болатын. Бірақ бір бөлігі Ұлттық қордан да аударылады

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қате ақпарат таратқаны үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда тағы бір медбике коронавирус жұқтырды

Министр бұған дейін дағдарыс шараларына бөлінетін қаражат бюджеттен алынады деген болатын. Бірақ бір бөлігі Ұлттық қордан да аударылады.

«Қазақстанда дағдарысқа қарсы шараларға бөлінетін қаражаттың жалпы көлемі 4 триллион теңгеден асады. Оны жақсы білесіздер. Осы шығындар республикалық бюджеттен 2,1 триллион теңгеге өтеледі. Сосын инфрақұрылымдық облигациялардың қаржысы тартылады. Бұдан бөлек, Ұлттық қордың кепілдендірілген трансферті 1 триллион 825 миллиард теңгеге дейін артады. Алғашқы брифингтерде мен Ұлттық қордан ақша алынбайды деп айтқанмын. Бұл – қате ақпарат. Мен оны әдейі таратқан жоқпын. Сол үшін кешірім сұраймын», – деді Абаев бүгінгі онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 271 адам коронавирус жұқтырды

Оқи отырыңыз: Адамдарда коронавирусқа қарсы иммунитет жоқ – министр