Испаниядан Қазақстанға 150-ден астам адам ұшып келді

Испанияға емделуге келген және кәмелетке толмаған Қазақстан Республикасының азаматтарына ерекше көңіл бөлінбек.

28 наурызда Қазақстанның 44 азаматы (көпшілігі студенттер мен бірнеше бала) «Belavia» әуекомпаниясының рейсімен Барселона әуежайынан Минск арқылы Нұр-Сұлтан мен Алматыға ұшып кетті, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министрліктің хабарлауынша, бүгінгі таңда қазақстандық дипломаттардың көмегімен 150-ден астам қазақстандық Испаниядан түрлі рейстермен ұшып келген. Испанияға емделуге келген және кәмелетке толмаған Қазақстан Республикасының азаматтарына ерекше көңіл бөлінбек.

Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888