Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны тағы да артты

13184131

Қазақстанда коронавируспен ауыратындардың саны 251-ге жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«29 наурызда сағат 11:35-те коронавирустық инфекцияның тағы 22 жағдайы тіркелді: Нұр-Сұлтан қаласында- 16, Алматыда – 4, Атырау облысында – 1 және Қызылорда облысында – 1адам», – делінген хабарламада.

Бүгінгі күні елімізде коронавируспен тіркеудің 251 жағдайы расталды, оның ішінде:

Нұр-Сұлтанда қаласында – 151

Алматы қаласында- 64

Қарағанды ​​облысында – 7

Ақмола облысында – 6

Атырау облысында – 6

Алматы облысында – 4

Жамбыл облысында – 3

Шымкент қаласында – 2

Шығыс Қазақстан облысы – 2

Қызылорда облысында – 2

Ақтөбе облысында – 1

Солтүстік Қазақстан облысында – 1

Павлодар облысында – 1

Маңғыстау облысында – 1

Бүгінгі жаңалықтар