Атырауда науқастан қан үлгісін алған медбике короновирус жұқтырып алды

Атырау облысында коронавирус жұқтырған бесінші адам қалалық емхана қызметкері болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz.

Медбике 17 наурыз күні Атырауға Стамбұлдан Алматы арқылы ұшып келген қыздан қан үлгілерін алды. Кейін науқасқа инфекция диагнозы қойылды.

Ал бүгін, 29 наурызда, емхана қызметкерінен коронавирусты растады.

Қазір ауруды жұқтырған науқаспен байланыста болған 27 адам анықталды. Барлығы карантинге алынған.

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, үшінші қалалық емхана 30 наурыздан бастап қашықтық режимге ауысады.

Медициналық мекеме толық дезинфекция жүргізеді.

Атырау облысында коронавирустық инфекцияның бес жағдайы тіркелді. Елде 228 жағдай расталды.

18 науқас сауығып кетті. Вирус жұқтырғандардың бірі, 64 жастағы әйел 26 наурыз күні Нұр-Сұлтандағы ауруханада қайтыс болды.

Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888