228 адамға жетті: Коронавирус жұқтырғандар саны жылдам артып келеді

13184131

Нұр-Сұлтанда он сегіз, Алматы қаласында бір, Ақмола облысында тағы бір адам тіркеліп отыр, осылайша науқастар саны 228-ге жетті

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Қазақстанда індетке шалдыққан тағы жиырма адам тіркелді.

«28 наурыз сағат 22:00 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 20 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында – 18 адам, Алматы қаласында – 1 адам, Ақмола облысында – 1 адам», – делінген коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабтың хабарламасында.

Республика бойынша науқастардың жалпы саны – 228.

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 135 адам
  • Алматы қаласында – 51 адам
  • Қарағанды облысында – 7
  • Ақмола облысында – 6 адам
  • Атырау облысы – 5 адам
  • Жамбыл облысында – 3 адам
  • Шымкент қаласында – 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам
  • Алматы облысында – 4 адам
  • Ақтөбе облысында – 1 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам
  • Павлодар облысында – 1 адам
  • Маңғыстау облысында – 1 адам
  • Қызылорда облысында – 1 адам.