АЛМАТЫДАҒЫ КЕЙБІР БЛОКПОСТТЫ АТТЫ ПАТРУЛЬ БАҚЫЛАЙДЫ

2020 03 28 200328162239908a3630534i

Карантин периметрінің қол жетімсіз жерлерін Алматы полициясы атпен жүріп бақылайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалпы, Алматы қалалық ПД құрылымында қаланың ерекшелігі мен инфрақұрылымы ескеріліп атты бөлімдер қарастырылмаған. Алайда төтенше жағдайға байланысты полиция қызметкерлері атпен патрульдеуге шықты.

«Әдетте, атты патрульдер көпшіліктің белсенді қолдауымен ұйымдастырылады, яғни полицияға жылқыларды тегін беретін азаматтардың көмегі арқылы. Бізде көлік өте алмайтын жерлер бар. Сондықтан атты патрульдер шықты. Бүгінгі таңда бұл жұмыс Алатау ауданының «Рахат» және «Мәдениет» шағын аудандары сияқты шалғай елді-мекендер аумағында жүргізіліп жатыр. Осы ауылдар арқылы, сіз, Алматы облысының аумағына кіру үшін кедергілерді айналып өте аласыз, осыған байланысты айналма жолдарда қорғаныс бетон плиталары орнатылып, ат патрульдері ұйымдастырылған. Полиция қызметкерлері заңдылық пен тәртіпті қадағалайды», – деді Алатау аудандық полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр.