Вирус таралуын бақылай алмай қалу қаупі туындап отыр – Министр

2020 03 28 200328162333775e

«Бұл тікелей эфирді онлайн брифинг емес, үндеу деп қабылдаған жөн. Өздеріңіз көріп отырсыздар, індеттің таралуы үдеп барады. Бір түнде коронавирус жұқтырған қырықтан астам адам анықталғаны – алаңдататын жағдай.

Қазір вирус жұқтырғандардың саны 204-ке жетті. 1899 адам стационарлық карантинде. Үш жарым мыңнан астам адам үй карантинінде жатыр. 6 мыңнан астам ауырғандармен байланыста болған. Олардың 95%-ының кім екені анықталды. Біз өте күрделі кезеңде тұрмыз. Вирус таралуын бақылай алмай қалу қаупі туындап отыр», – дейді Дәурен Абаев.