БІР ОТБАСЫНДА ҮШ АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Қосшы ауылында бір отбасындағы үш адам коронавирус жұқтырған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов хабарлады.

Коронавирус індеті анықталған аталмыш азаматтар бұған дейін үй карантинінде жатқан. Себебі, олардың үйінде коронавирусқа шалдыққан елордалық туысы қонақта болған екен.

– Бұл үш адам қазір инфекциялық стационарда жатыр. Жағдайы қанағаттанарлық. Олар: 1954 жылы туған әйел, 1949 жылы туған ер адам және олардың 1990 жылы туған ұлдары. Олардан бөлек, бізде қазір стационарлық карантинде 95 пациент бақыланып жатыр. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық, – деді Сүлен Ілиясов.

Айта кету керек, ауру белгілері анықталған адамдардың барлық жақындары қазір ауруханаға жатқызылып, қатаң бақылауға алынған.Барлық құқықтар сақталған.

/turkystan.kz/

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Qazbrand.info әлеуметтік желісіне бөлісу