Home Бүгінгі жаңалықтар "Бала-шаға-аш": Шымкенттегі карантинге жабылған елдімекен тұрғындары шу шығарды

«Бала-шаға-аш»: Шымкенттегі карантинге жабылған елдімекен тұрғындары шу шығарды

Шымкентте карантинге жабылған елді мекенге кешеден бастап азық-түлік жеткізіле бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия» арнасына сілтеме жасап.

Абай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен тұрмысы төмен 50 отбасыға әлеуметтік пакет үлестірілген. Алайда, үйлеріне еркін кіріп-шығып үйренген халық үшін бұл қиынға соғуда. Олардың талабы ауылды қоршауға алмас бұрын, халықты керек-жарақтарен қамтамасыз етсін дейді. Өйткені, ауыз судың өзі жеткіліксіз көрінеді. Одан бөлек, қала әкімінің бұйрығымен үшінші мегаполисте шектеулер енгізілді.

«Міне, қазір төрт күннен бері азық-түлік келіп жатқан жоқ, май келіп жатқан жоқ, ұн келіп жатқан жоқ. Бала-шаға -аш! Коронавирус қайдан болады, аштықтан пайда болады. Қарнын тойғызып қойыңыздар», – деп налиды ауыл тұрғыны.

Карантинге жабылған «Тәуелсіздікке 20 жыл» ауылының тұрғындары бүгін блокпостта айқай-шу шығарды. Олардың сөзінше, елді мекендегі әлеуметтік жағдайды ескермей жатып, жергілігті билік бірден оқшаулап тастаған. Азық-түлік өз алдына, қарапайым ауыз су жоқ дейді ашынған жұрт.

«Біз күніге көшедеміз. Продукты күтіп жатырмыз. Су күтіп отырмыз. Газ күтіп отырмыз. Келіп қалар деп», – деп назын айтты ашынған тұрғын.

Бірақ, ауыл тұрғынының бұл уәжімен шенеуніктер келіспейді. Елді мекеннің көшелері үш күннен бері залалсыздандырылып жатыр екен. Кешеден бастап, тізім бойынша, тұрмысы төмен 50 отбасыға әлеуметтік пакет ұсынылған. Бүгін тағы 57 үйге таратылмақшы. Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы арзан бағада қажетті тауарлар сатылымға шығарылды дейді аудан әкімі.

«Ол жерде барлық жағдайға байланысты, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, күні кеше 2000 дана бетперде демеушілер есебінен халыққа тегін таратылды. Сонымен қатар, ол жерде 107 тұрмысы төмен отбасы тұрады. Олар 616 адам», – дейді Бұқарбай Парманов, Абай ауданының әкімі.

Осымен екінші күн түнделетіп болса да, қала әкімі тікелей эфир арқылы халыққа мәлімдеме жасап жүр. Мұрат Әйтеновтың сөзінше, бүгін түнгі он екіден бастап, қалаға кіріп-шығуға бірқатар шектеулер енгізілді. Соған сәйкес, отбасылық, еске алу шаралары және салтанатты жиындар өткізілмейді. Барлық сауда нысандары өз қызметін онлайн режімге көшіру қажет.

«Авиа және теміржол қатынастары толық тоқтатылады. Сонымен қатар, автокөлік базарары, азық-түлік жәрмеңкелері мобильді телефон сататын дүкендер жұмысы тоқтатылады», – дейді Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі.

Осы күні, қоғамдық көліктер қозғалысына да шектеу қойылды.

«Енді бұдан былай кешкі 9-дан бастап таңертеңгі 7-ге дейін үшінші мегаполиске жолаушылар мен көліктердің кіріп шығуына тыйым салынды. Ескеретін бұл жәйт, шектеу азық-түлік тасымалдаушы машина мен транзиттік көліктерге қатысы жоқ».

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі.  Үш сағат бойы ауыл-аймақтағы жеті...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым бөлігі нәзік жандылар екенін ерекше...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары жоқ адамдарға көшеде жүруге тыйым...

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 68-ГЕ ЖЕТТІ

Коронавирус індетін жұқтырған 2 адам тіркелді. Олардың бірі Алматы қаласында, екіншісі Нұр-Сұлтанда анықталған.  Сағат 10:40-тағы ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында 29...

Тағы да жаңалықтар

Грант иегерлері тізімі

Жүктеп алу үшін басыңыз: Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі

Қазақстанның ЖОО оқу ақысын қымбаттатуды жоспарлап отыр

Пандемия, төтенше жағдай және мұнай бағасының құлдырауы кесірінен адамдардың материалдық жағдайы нашарлап, кейбір студенттер мен ата-аналар оқу бағасын төлеуде қиындыққа ұшыраған. Білім және ғылым министрі...

«Жаным, сен мені мәңгілік сүйсің бе?» деген сөз құлағымда жаңғырып тұрды

- Жаным, сен мені мәңгілік сүйесің бе? - Әрине! - Егер мен о дүниелік болсам да сүйесің бе? - Онда бұдан да қатты сүйетін болам! Осы сөздерден соң...

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті Ақтөбе облысында тергеу изоляторының қызметкеріне оқ тиіп, ауруханаға жатқызылды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. "Мой город" басылымының мәліметінше, оқиға 20...

Елімізде 22 шілде күні 1646 адамнан коронавирус анықталды

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 76799. Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. Оның ішінде 778 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан...

Эпидемиолог: Коронавирус адамға бейімделеді

Коронавирус адамға бейімделетіндіктен, оның ауруды тудыруы мүмкіндігі төмендейді. Алайда ауру маусымға байланысты өршуі мүмкін деп болжанып отыр. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас...

О дүниеде өткізген алты күн

О дүниеде өткізген алты күн Бұл оқиға осыдан үш жыл бұрын менің өз басымнан өткен еді. Сол күні құлағыма құлаққап қыстырып алып, музыка тыңдап, аялдамада...

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО)

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО) Сот отырысы бірнеше рет кейінге қалып, 22 шілдеде онлайн режимде өтті. Кентал лақап атымен...

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады Дұрыс матрас және оны дұрыс пайдалану адамды созылмалы шаршау синдромынан қорғайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Мұндай ақпаратты Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина...

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады?

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады? Президент туындаған қиындықтарға шұғыл жауап беріп жатады. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли zakon.kz-ке Мемлекет басшысының жұмыс кестесі туралы айтып берді. Оның...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here