«Қатты тұншықтым». «Ювентустың» ең қымбат футболшысы коронавирус жұқтырғаннан кейінгі жағдайын айтты

photo 12211

Туриндік «Ювентус» пен Аргентина құрамасының шабуылшысы Пауло Дибала жағдайы туралы айтып берді. Футболшы сүйіктісімен бірге коронавирус жұқтырған еді.

«Сиптомдар қатты білінді, бірақ, қазір өзімді жақсы сезінемін. Қазір жүріс-тұрысым қалпына келіп, жаттығуға тырысып жүрмін. Ал ол кезде қатты тұншығып, бес минуттан кейін-ақ ештеңе істей алмай қалған едім. Бұлшық еттерім ауырды. Қазір Ориананың да, менің де жағдайымыз оңалды», – деп келтіреді футболшының сөзін Football Italia мен «Ювентустің»  YouTube арнасына сілтеме жасаған P-Спорт порталы.

26 жастағы Дибала «Ювентус» сапында  2015 жылдан ойнайды және командадағы ең қымбат ойыншы есептеледі. Transfermarkt мәліметінше, оның трансферлік құны 90 миллион еуро.

Оның сүйіктісі де індетті жұқтырды.