«Әйел облысты басқара алмайды деген стереотиптің «күлі көкке ұшты» – Аида Балаева

Гүлшара Әбдіқалықова – халық және ел игілігі жолында адал әрі табанды еңбектенсеңіз, алынбайтын қамал жоқтығының жарқын үлгісін көрсетті.

Президенттің кеңесшісі Аида Балаева «Гүлшара Әбдіқалықованың Қызылорда облысына әкім болуы бекер емес» деп отыр. Оның ойынша, Сыр өңірінің жаңа әкімі, сол жердің перзенті болғандықтан, Қызылорданың жалпы ахуалын бес саусағындай жақсы біледі екен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аида Балаеваның пайымдауынша, Гүлшара Әбдіқалықованың облысқа әкім болып тағайындалуы «әйел облысты басқара алмайды» деген қағиданы жоққа шығарды. Бұл жайлы ойын ол, Facebook парақшасында жазды.

«Гүлшара Әбдіқалықованың Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалуы  – ел үшін тариғи оқиға болды. Алғаш рет әйел адам аймақ басқару тізгінін ұстады. Меніңше, бұл тағайындау мерократияға бастаған қадам. Әлеуметтік жағдайына, жынысына қарамастан билікке лайықты адамдар келеді. Енді, әйел облысты басқара алмайды деген стереотиптің «күлі көкке ұшты».

Мен Гүлшара Наушайқызын қарапайым, еңбекқор, принципті адам, нағыз кәсіби маман ретінде танимын. Оның бұл жұмысты абыроймен атқаратындығына өте сенімдімін. Ол кісінің бұл қызметке тағайындалуы да кездейсоқ емес. Ол туған жерінде мансап жолын бастап, биліктегі алдыңғы қатарлы шенеуніктерінің қатарына көтерілді. Сондықтан, ол жердің ерекшелігі мен проблемаларын одан артық ешкім білмейді.

Гүлшара Әбдіқалықова – халық және ел игілігі жолында адал әрі табанды еңбектенсеңіз, алынбайтын қамал жоқтығының жарқын үлгісін көрсетті.

«Әйел облысты басқара алмайды деген стереотиптің «күлі көкке ұшты» – Аида Балаева

«Әйел облысты басқара алмайды деген стереотиптің «күлі көкке ұшты» – Аида Балаева

Фото: Аида Балаеваның facebook парақшасынан

Гүлшара Наушақызына мықты денсаулық, қызметіне сәттілік және сарқылмайтын күш-жігер тілеймін!», — деп жазды президенттің кеңесшісі.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Qazbrand.info әлеуметтік желісіне бөлісу