Коронавирус. Науқастар саны 200-ден асты

00c0ae85cd7d8106068123e1caf5be3a

BAQ.KZ. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 11 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 10 адам, Алматы қаласында – 1 адам тіркелді. Бұл туралы коронавирустың еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 117 адам, Алматы қаласында – 58 адам, Қарағанды қаласында – 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы – 4 адам, Ақмола облысында – 5 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 4 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 1 адам, жалпы 204 науқас тіркелді.

Бұған дейін 3 адам жазылып шығып, бір адам қайтыс болған болатын.