«Көп нәрсені дағдарысқа жаба салып, мемлекеттен көмек алуға болады» – Мұхтар Тайжан

5e7ed2e89d7ef753156244

Халықты сары уайымға салып қойған коронавирустың өршуі қоғам белсендісі Мұхтар Тайжанның көкейінде санмыңдаған сұрақтардың туындауына әкеп соқтырған сыңайлы. Мәселен ол, «Үкімет карантин арқылы не көздейді? Үкімет үшін бұл дүрбелең несімен пайдалы? Қаржылық жағынан кім ұтады?» деген сұрақтар жөнінде өз тұжырымдарын жариялады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Қоғам белсендісі қазіргі ахуаал және оның салдары жайлы ойын Facebook парақшасында жазды. Оның ойынша, «Үкіметтер мен барша елдердің билеушілері қазір атқа қонып, өз елін құтқаруда. Вирус табиғи себептермен азая бастағанда, олар бұны «біздің арқамызда» деп жариялайды» екен.

«Сіздер үшін бір «жаман» (тырнақшаға алғанда) және бір жақсы жаңалығым бар. «Жаман»-мыс жаңалықтан бастайын.

Адамзаттың (соның ішінде, Қазақстанның да) жартысы ерте ме, кеш пе коронавируспен ауырып тұрады. Сонда ғана бізде «ұжымдық иммунитет» деп аталатын нәрсе қалыптасып, вирус азаяды. Бұл – адено-не корона-вирус болсын, барша вирусқа ортақ тіршілік заңы. Жасанды антитела – вакцина ойлап табылғанға дейін, осы вируспен ауырып қана, оған қарсы антитела дегенге ие бола аламыз. Карантин вирус жұқтыруды баяулатады, алайда одан құтқармайды, көбімізге қалай болғанда да, коранавируспен ауырып тұруға тура келеді.

Енді, жақсы жаңалық. Коронавирустың салдары – SARS, MERS, құс және шошқа тұмауы, типсіз пневмония, т.с.с-дан бетер сойқан емес. Бірақ жасы ұлғайған адамдарға; онкология, атеросклероз, диабет, гипертония, т.с.с аурулармен сырқаттанған, яғни, иммунитеті төмендеген жандарға көбірек назар салу керек болады. Міне, осылар – шын мәнінде ұрымтал топ. Ауырып тұрғандардан алынған сұхбат – жастар мен сау адамдарда бұл жұқпа жеңіл өтетінін көрсетеді.

Үкімет карантин арқылы не көздейді? Олар денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс салмақ түсуінен қорқады және бұл – негізгі қорқыныш. Сырқаттарды жатқызатын кереует жетпей қалуы әбден мүмкін. Олар, сондай-ақ, бұл аурумен, түптің түбінде бәрі ауырып шығатынын біледі, бірақ бұл процес қатты қарқын алмай, біртіндеп жүргенін қалайды. Бұл да – дұрыс.

Мен бұл сөздеріме неге осыншама сенімдімін? Себебі өмір бойы жанымда екі медик бар: біреуі – медицина ғылымдарының кандидаты болса, келесісі – профессоры, олардың әріптестері тағы бар. Бұл күндері оларда whatsApp-консилиум өтті және бәрінің пікірі – осы жазғанымдағыдай», – деп әлемді жайлаған індет туралы білетін ақпараттарын жеткізді.

Айтпақшы, Мұхтар Тайжанның пайымдауынша, осы дүрбелең кезінде «күріштің арқасында күрмек су ішетін көрінеді-міс».

«Үкімет үшін бұл дүрбелең несімен пайдалы? Гонконгтегі митинг қалай ұмыт болғанына назар аудардыңыз ба? Құрметті досымыз Си, шын мәнінде, Қытайды ыдыратпау мәселесін шешті. Путин үшін осындай байбалаң, дүрбелең – бұдан бетер тиімді, бұндай жағдайда оның өз билігін шексіз созу туралы шешіміне қарсы митингке кім шығады? Макрон үшін өз алдына бір бөлек қуануға болады – «сары жилет»-тердің наразылығы жайына қалды.

Барлығы ортақ қауіптен қорғану үшін билігінің жанында топтасты. Үкіметтер мен барша елдердің билеушілері қазір атқа қонып, өз елін құтқаруда. Вирус табиғи себептермен азая бастағанда, олар бұны «біздің арқамызда» деп жариялайды.

Қаржылық жағынан кім ұтады? Ең әуелі, фармацевтикалық компаниялар. Енді оларға миллиардтаған субсидиялар барады. Әрине, ірі бизнес! Көп нәрсені дағдарысқа жаба салып, мемлекеттен көмек алуға болады.

«Көп нәрсені дағдарысқа жаба салып, мемлекеттен көмек алуға болады» – Мұхтар Тайжан

Карантин өтеді, бәрі ұмытылады. Бірақ бұл үрей бойымызда ұзаққа қалады. Ал бұл – өте зиян. Қорқыныш аяқ-қолымызды тұсап, өз-өзімізге деген сеніммен айырады. Сондықтан, біз бәріміз осы үрейден тездетіп арылуымыз керек!», – деп  қазіргі жағдайдың өткінші жаңбыр секілді тез себелеп, тез басылатынын айтты.