ШҚО мен Қызылорда облысында коронавирус тіркелді

photo 65305

ШҚО мен Қызылорда облысында алғаш рет коронавирус тіркелді, – деп хабарлайды Coronavirus2020.kz

Қазақстанда 28 наурызда коронавирус індетін жұқтырған тағы 41 адам тіркелді, Нұр-Сұлтан қаласында – 32 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы қаласында – 2 адам, Ақмола облысында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 1 адам, Атырау облысында -1 адам.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 107 адам, Алматы қаласында – 57 адам, Қарағанды қаласында – 4, Жамбыл облысында – 3 адам, Атырау облысы – 4 адам, Ақмола облысында – 5 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 2 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 1 адам, жалпы 191 науқас тіркелді.