Алматыдағы ауруханадан коронавирус жұқтырған тағы бір азамат емделіп шықты

4b5ae11aa8618aed926e933c53809fef

Алматыда Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан COVID-19 жұқтырған тағы бір науқас емделіп шықты, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Kazinform.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл науқас 13 наурыз күні түнде Алматыға Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен ұшып келген. Ол вирусқа қарсы емді және терапияның толық курсын алды. Ауруы жеңіл түрде өтті. Емдеу кезінде жағдайы нашарламады. Қазір ол 14 күнге үй карантинге жіберілді.

Еске салайық, Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, борт толықтай, 12 адам, соның ішінде экипаж мүшелері оқшауландырылып, инфекциялық стационарға карантинге жатқызылған. Ертең соңғы анализдер расталғаннан кейін тағы бір науқас шығарылады. Ол қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында жатқан 12 жастағы қыз.