Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 191-ге жетті

2020 03 28 b180e11bc82658af50815f315f04f36e

10:05-дегі жағдай бойынша коронавирус жұқтырған 41 жағдай тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласында – 32 адам, Алматыда – 2, Шығыс Қазақстан облысында – 2, Ақмола облысында – 2, Қызылорда және Алматы облыстарында – 1, Атырау облысында 1 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 107 адам, Алматы қаласында – 57 адам, Қарағанды қаласында – 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы – 4 адам, Ақмола облысында – 5 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 2 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 1 адам, жалпы 191 науқас тіркелді.