«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген «Қалаулым сен» бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Үш сағат бойы ауыл-аймақтағы жеті жастан жетпіс жасқа дейінгі жастың ермегіне айналған, ең аудиториясы көп атышулы бағдарлама уақытша көрсетелімін тоқтататынын хабарлады.

«Біз үшін адамның денсаулығы маңызды. Сол себепті мемлекет нұсқауымен шығарылған қауіпсіздік шараларына байланысты біз де карантиндеміз. Сіздер де сақтық шараларына мұқият болыңыз. Жақында жүздесетін боламыз. Біз сізді жақсы көреміз. Біз сізбен біргеміз», деген жазбаны Instagram парақшасына жариялапты. НТК арнасында сағат 12:00 ден 03:00 ге дейінгі аралықта эфирге шығатын «Қалаулым сен» бағдарламасы жақын арада қайта көрсетілімін жалғастыратын болады.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Qazbrand.info әлеуметтік желісіне бөлісу