Премьер-министр коронавирус жұқтырып алды

5e7deb082e029149536230

Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон коронавирус жұқтырып алды. Бұл туралы саясаткер жұма күні видеоүндеуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Премьер-министр коронавирус жұқтырып алды

«Соңғы 24 сағатта менде аурудың жеңіл белгілері пайда бола бастады. Менің коронавирусқа тапсырған тестім оң нәтиже берді. Қазір оқшауланып отырмын, бірақ мен үкіметтің вирусқа қарсы жұмысын видеобайланыс арқылы жүргізетін боламын», – деді Джонсон.