Үйден себепсіз шыққандар 15 тәулікке қамалады

Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

«Жағдайға қарай қоғамдық көліктер қосымша жүктеме болып, қозғалысы шектелуі мүмкін. Азаматтар үй жануарларын үйдің жанында серуендете алады. Ал егер азаматтар басқа себептермен шыққан болса, онда алдымен ескерту, одан кейін 26 мың теңге көлемінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. Полиция қызметкерлері хаттама толтырып, істі сот қарайды. Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген», деді министр.

/egemen.kz/

Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888