Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар анықталды

13196595

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда қазіргі уақытта 124 адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлады.

Sputnik. Қазақстанда тағы үш адам коронавирус жұқтырды, олар Атырау облысында тіркеліп отыр, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

«27 наурыз сағат 12:00-дегі жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам Атырау облысында тiркелді», – делінген хабарламада.

Сонымен, қазіргі уақытта дертке шалдыққандар саны 124-ке жетті: Нұр-Сұлтан қаласында – 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында – 4 адам, Жамбыл облысында – 3 адам, Атырау облысында – 3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Ақмола облысында – 1 адам.