Жұма, Сәуір 3, 2020

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған үшінші адамның кім екені белгілі болды

Көп оқылды

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым...

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары...

24 наурызда Қырғызстаннан келген Қордай ауданының тұрғыны осы уақытқа дейін карантиндік стационарда жатқан.

Sputnik. Жамбыл облысында індетке шалдыққан үшінші науқас Қордай ауданының 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Қыз жуырда Қырғызстаннан келген.

Жамбыл облысында үшінші науқас 27 наурызда тіркелді. Осы уақытқа дейін ол дәрігерлердің бақылауында болған.

Қыз шекарадан өткеннен кейін бірден карантиндік стационарға жатқызылған, деп хабарлайды coronavirus2020.kz порталы.

Оның вирус жұқтырғаны зертханалық зерттеу жүргізілгеннен кейін мәлім болды.

Қазір пациент инфекциялық стационарға ауыстырылды. Дәрігерлердің айтуынша, қыздың жағдайы тұрақты. Дене қызуы көтерілмеген. Аурудың басқа да белгілері байқалмайды. Коронавирус инфекциясын емдеу бекітілген хаттамаға сәйкес жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, пациентпен байланыста болған адамдар анықталып, карантинге алынды. Олардың анализі әзірге дайын емес.

Еске сала кетсек, Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған алғашқы науқас 25 наурызда тіркелді. Ол Шу ауданының 29 жастағы тұрғыны. Жүргізуші болып істейді. 23 наурызда Қырғызстаннан келген.

Ал 26 наурыз кешке Жамбыл облысында тағы бір адамның індетке шалдыққаны анықталды.

Пікір қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Есіміңізді енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

«Қауіптісі, ел арасында өзінің коронавирус екенін білмейтін адамдар бар»

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус жұқтырған, бірақ, ол туралы өзі де білмейтін адамдар бар деп болжайды, деп...

КАРАНТИН НӘТИЖЕСІ: РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША ВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАР ӨСІМІ ТӨМЕНДЕДІ

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясымен күрес бойынша елімізде енгізілген карантин шараларының нәтижесін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өткен аптада науқастар санының көбеюі күн...

Алматыдағы 14 індет ошағынан шектеулер алынды

Алматыда коронавирус инфекциясынық ошақтары азайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің дерегіне сәйкес коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен байланыста...

Науқастармен байланыста болған дәрігерлер үйлеріне қайтқысы келмейді

Карантин жарияланған ұйымдарда жұмыс істейтін медициналық қызметкерлер үйлеріне қайтқысы келмей отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мемлекеттік комисиия...

Коронавирус Қостанай облысына жетті

Қостанай облысында коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандағы коронавирус бойынша 3 сәуірдің 18.10 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7...

Тоқаев тұрғындардың әнұранды балконда орындауы ненің көрінісі екенін айтты

Президент карантинде отырған адамдардың шынайы ниетінің арқасында қиындықтан өтетінімізге сенім білдірді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың бір уақытта әнұран орындауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды...