Коронавирусты жұқтырған медбике өзіне қол салды

news full1585237473f2192418e9a72adb325d02a677388b34

Италияда медбике коронавирус жұқтырғанын білген соң, өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеп хабарлайды. 

34 жастағы медбике Даниэла Трецци (Daniela Trezzi) ауруханада терапия бөлімінде жұмыс істеген. Бірақ 10 наурызда одан коронавирустық инфекция белгілері пайда болып, карантинге жатқызылған. Ауру нәтижесі расталғаннан кейін әйел өз-өзіне қол жұмсады. Ол басқаларға вирусты жұқтырудан қорыққан.

Италия ұлттық федерациясында медбикенің өлімін растады және болған оқиғаға қатысты дабыл қақты. Онда Трецци вирусты басқа адамдарға жұқтырып аламын ба деген үрейден күйзеліске түскені аталып өтті.

Бүгінгі жаңалықтар