АЛМАТЫДА ТАҒЫ БІР ӘЙЕЛ КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

2020 03 26 200326192333194e

Бүгін Алматы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус жұқтырған әйел емделіп шықты.

Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев Хабар 24 телеарнасындағы онлайн-брифинг барысында айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін, 26 наурызда Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан COVID-19 вирусы расталған әйел емделіп үйіне шығарылды.Ол Қазақстанда коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың алғашқыларының бірі болды.

«Пациент коронавирусты еуропада жұқтырған. Ол вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ауру симптомдарсыз өтіп, вирусқа қарсы емді әйел қанағаттанарлық жағдайда өткізді. Емдеу кезеңінде асқынулар болған жоқ. Соңғы жүргізілген екі бақылау талдау шаралары коронавирусқа теріс нәтиже көрсетті»,– дейді Тілеухан Әбілдаев.