Жексенбі, Сәуір 5, 2020

«Халық көшеге шығып дүкендерді тонайды»: Отандық бизнесмен карантиннің қандай қиындықтарға әкелетінін айтты

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары...

Қазақстандық танымал кәсіпкер Марғұлан Сейсембай еліміздегі карантин мен төтенше жағдай билік жасаған оң шешім екенін айтты. Алайда жұмыссыз отырған халық тұрмысқа керекті заттар алу үшін қаражат таппай көшеге шығып, ұрлыққа бару мүмкін деп дабыл қақты. Бұл туралы ол Youtube-каналында «Марғұлан не дейді» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Төтенше жағдай бұрынғы өміріміздің қаншалықты бейқам әрі жайбарақат екенін көрсетті», – деген Марғұлан Сейсембай еліміздегі мұндай оқиға өмірімізді күрт өзгертіп, өзімізге үйреншікті әдеттерімізден айырылдық дейді.

«Төтенше жағдайдың және карантиннің ең бірінші, түпкі себебі – денсаулық сақтау саласының пәрменсіздігі. Егер коронавирус індеті тез таралып, көп адамға жұқса, онда біздің медицинамыз барлық ауырып қалған адамдарды емдей алмайды. Емханаларымыз тез толып, дәрігерлер мен өкпеге оттегі беру құралдарының тапшылығына келіп тірелеміз. Міне, сонда сұмдықтардың барлығы басталады. Дәрігерлер емделіп шығуға мүмкіндігі аз адамдарды емдемей қояды және олар қай адамның өліп, қай адамның емделетінін өздері шешеді. Кәрі адамдар ешбір ем ала алмай емхана дәліздерінде өліп жатады. Бұл адам басына сыймайтын сұмдық болып естілсе де, дәл қазіргі Италияда болып жатқан жағдай», – деп, алдағы уақытта болуы мүмкін сұмдықты болжады. Кәсіпкер дәл осындай індет жайлаған кезде біздің биліктің амал-әрекеті дұрыс па деген сауал төңірегінде пікір білдірді.

«Менің ойымша, біздің биліктің төтенше жағдай мен карантин енгізуі өте дұрыс шаралар. Халықты барынша оқшаулау – өте орынды шара. Мұндай төтенше жағдайларда билік халық денсаулығын ең бірінші орынға қою керек», – деген ол бұл бергі, жақын арадағы мәселелердің шешімі ғана екенін айтады.

«Кейінірек туатын мәселелерді алатын болсақ, көптеген қиындықтар туындайды. Біріншіден, біздің экономикамызда төтенше жағдай мен карантин себептерінен болатын күйзеліс пен дағдарыс. Оның өзі екі мәселеден туады. Біріншіден, карантин бір ай бола ма, екі ай болады ма –  ешкім білмейді. Қанша уақыт болғаныменен, екі қалада қамалып отырған миллиондаған халық, оның ішінде, табыссыз отырған ер адамдар не істейді? Қажеті заттарды алу үшін қаражатты қайдан алады? Егер үкімет осы сұрақтарға нақты жауап бере алмаса, онда халық изоляция мен төтенше жағдайға қарамай көшеге шығып, ұрлық пен тонауға көшеді. Ал полиция мен қарулы күштер мұндай жағдайды тоқтата алмайды. Сондықтан үкімет еріксіз төтенше жағдайдың құрбаны болып қалған халықтың қаражатын қамтамасыз ету керек», – деп өз ойын ашық айтқан Марғұан Сейсембай басқа шет елдерде үкімет өзінің табыссыз қалып қалған халқына көмек көрсетіп жатқанын мысалға келтірді. Сонымен қатар ол халықты жұмыссыз, табыссыз көп ұстап отыруға болмайтынын ескертті.

Пікір қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Есіміңізді енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Абаев биыл қазақстандықтар Рамазан айын қалай өткізетінін айтты

Қазақстан билігі коронавирустың таралуына байланысты діни бірлестіктерге мерекелік рәсімдерді онлайн режимде өткізуді ұсынды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев...

«Біздің интернеттің онлайн сабақтарды көтеруге қауқары жоқ»: Білім министрі онлайн оқытудан бас тартты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтықтан оқыту кезінде байқалатын кемшіліктерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  "1 сәуір күні сынама сабақ өткізілген болатын. Еліміздің аумағында 2...

Онлайн жерлеу рәсімі: Коронавирустан көз жұмған жеткіншектің жақындары оны ақтық сапарға шығарып сала алмады

Ұлыбританияда коронавирустан көз жұмған 13 жастағы жеткіншектің жерлеу рәсіміне оның анасы мен бес бауыры қатыстырылмапты. Ұл баланың денесін қорғаныш киімін киген бөтен адамдардың жер...

Түркістан облысында карантин мерзімі ұзартылды

Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмыс уақыты таңғы тоғыздан, кешкі сегізге дейін деп белгіленсе, азық-түлік базарларының жұмыс кестесіне де өзгеріс енгізілген. Sputnik. Түркістан облысындағы карантин 17 сәуірге...

Елордада төтенше жағдай басталғалы бері екі бала терезеден құлаған

Елордалық полиция департаменті кәмелетке толмаған балалардың карантиндік жағдайдағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды сұрайды, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. "Елордада төтенше жағдай басталғаннан бері балалардың...

«Алматыда жаңадан карантин орталығы бой көтереді» – Сағынтаев (ВИДЕО)

Алматыда коронавирус індетін жұқтыруы ықтимал және науқас адамдармен байланыста болған жандарға арналған карантин орталығы салынады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында...