Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 109 адамға жетті

13204255

Соңғы мәліметтер бойынша коронавирус тағы 12 адамнан табылды, Алматыда – 6 адам, Нұр-Сұлтанда – 6 адам.

Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 12 адам анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«26 наурыз сағат 16:20-дағы жағдай бойынша коронавирус жұқтырған тағы 12 адам тiркелді, Алматы қаласында – 6 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 6 адам«, – деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.Сонымен, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 109 адамға жетті. Нұр-Сұлтан қаласында – 61 адам, Алматы қаласында – 40 адам, Қарағанды қаласында – 2, Шымкент қаласында – 2, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Жамбыл облысында -1, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам тіркелді.