Сәрсенбі, Сәуір 1, 2020

Қордайда қираған үйлер демеушілердің көмегімен қайта қалпына келтіріледі

Көп оқылды

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым...

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары...

Ақпан айында Қордайда болған қайғылы оқиға кезінден бүлінген тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандарды қалпына келтіру жұмыстары жақында басталады, деп жазады ҚазАқпарат.

Масаншы, Бұлар батыр, Ауқатты және Қарасу ауылдарында барлығы 40 тұрғын үй, 20 коммерциялық нысан және 5 шаруашылық құрылыстары өртенген. Бұл орайдағы барлық жұмыстар «Щивон» қайырымдылық қоры жинайтын демеушілік қаражат есебінен жүргізілетін болады. Бүгінде өрттен зардап шеккен 39 отбасына облыстық резервтен жалпы сомасы 20,6 миллион теңге қаражат бөлінді.

Сондай-ақ, мемлекеттік материалдық резервтен тұрғын үй-жайларды қалпына келтіру үшін 26 тонна арматура, 16 750 м2 жабын материалы, 400 м3 ағаш бөлінген. Ал ішінара зақым алған жылжымайтын мүлік нысандары демеушілік қаражат есебінен қалпына келтіріліп үлгерілген. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық қорларына 22,5 млн.теңге түскен.

Қазіргі таңда қайтыс болған азаматтардың тоғыз отбасына асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы тағайындалған. Сонымен қатар, қаза тапқандардың отбасыларына жалпы сомасы 8,2 миллион теңгеден астам қаржының демеушілік көмегі көрсетілген. Ал, зақымдалған көлік иелеріне төленетін өтемақы көлемі қылмыстық істерге қатысты тергеулер аяқталғаннан кейін анықталмақ.

Жалпы, 11 ақпан мен 20 наурыз аралығында зардап шеккен отбасыларға 121,6 тонна көлемде гуманитарлық көмек көрсетілген десек, олардың ішінде азық-түлік, дәрі-дәрмек, ыдыс-аяқ, гигиеналық және басқа да қажетті бұйымдар бар. Қазіргі уақытта аудандағы ахуал тұрақты.

Пікір қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Есіміңізді енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық дәрігерлерге 3 ай бойы үстемақы төленеді – Тоқаев

Дәрігерлердің жалақысына үш бойы үстемақы төленеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. "Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен...

Тоқаев 42500 теңгенің кімдерге ғана берілетінін айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты 42500 теңгелік жәрдемақы табыссыз қалған барша қазақстандықтарған төленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  "42500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді...

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам тiркелді (жалпы 340 науқас)

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам тiркелді Нұр-Сұлтан қаласында- 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Түркістан облысында - 1 адам. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 178...

Зейнетақы мен жәрдемақының барлығы 10 пайызға индексацияланады

Зейнетақы мен жәрдемақының барлығы 10 пайызға индексацияланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарна эфирінде айтты. Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың...

Ухань тұрғындары: Коронавирустан шын мәнінде 42 мың адам көз жұмды, билік оны жасырып отыр

Қытайдың коронавирус ошағына айналған Ухань тұрғандары билік жариялаған мәліметтерге сенбейтіндігін жеткізіпті. Айтуларынша, бір қаланың өзінде 3800 емес, 42 мың адам індеттен көз жұмған. Бұған...

«Неден қайтыс болғаны анықталды!» Әнші Шахзоданың күйеуі қайтыс болды

Өзбекістан, Орта Азия және ТМД-елдерінің сүйікті әншісіне айналған Шахзоданың күйеуі өмірден өтті деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі gazeta.uz-ге сілтеме жасап. Равшанбек Юлдашев наурыздың 30...