Елорда тұрғындары Есіл жағалауына азық-түлік әкелуде

2020 03 26 15 47 10

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары Есіл өзенінің жағалауына мұқтаж жандар үшін азық-түлік пен гигиеналық заттар әкелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат порталына сілтеме берген Oinet.kz.  

«Держись друг!» – «Шыда бауырым!» деп жазылған қайырымдылық акциясының суреттері әлеуметтік желіде жарияланды. Тұрғындар Кенесары хан ескерткіші маңындағы қоршауға азық-түлік пен ансисептик салынған дорбаларды іліп жатыр. «Елордада белгісіз біреу азық-түлік, антисептик және өзге де қажетті заттар салынған пакет қалдырып кеткен. Адам атын мақтанышпен айтатын сәт», – деп жазды Facebook қолданушыларының бірі.

/oinet.kz/