Жексенбі, Наурыз 29, 2020

Мәжіліс жасы 65-тен асқан депутаттарды жұмыстан шеттетті

Көп оқылды

228 адамға жетті: Коронавирус жұқтырғандар саны жылдам артып келеді

Нұр-Сұлтанда он сегіз, Алматы қаласында бір, Ақмола облысында тағы бір адам тіркеліп отыр, осылайша науқастар саны 228-ге жетті НҰР-СҰЛТАН, 28...

Қазақстандықтар шетелден оралған адамдарға наразылық білдіруде: Оларға неге кіруге рұқсат етілген?

Қазақстандықтар шетелден жаппай елге қайтарылып жатқан азаматтарға байланысты наразылықтарын білдіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  Көптеген қазақстандықтар шетелде қалған азаматтарды пандемия кезінде елге...

Бұл бейқамдық ауруханада науқастарға орын жетпеуіне әкелуі мүмкін – Абаев

«Қазір шетелге шықпай-ақ ауру жұқтырғандар саны өсуде. Бұл дегеніміз – ауру қонақта, туыстардың үйінде, лифтте, автобуста, яғни кез келген...

18 наурызда мәжіліс қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Төменгі палатаның жалпы отырыстарына тек депутаттар мен әр заң жобасы бойынша негізгі баяндамашылар қатысады.

Жасы алпыс бестен асқан депутаттар мәжілістің жалпы отырыстарына қатыспайды. Бұл туралы төменгі палата төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әдетте мәжілістің жалпы отырысы әр сәрсенбі сайын өткізілетін, бірақ мереке күндеріне байланысты пленарлы отырыс бейсенбі, 26 наурызда өтті.

«Бүгінгі жалпы отырыстың форматы біршама өзгерді. Біздің кейбір әріптесіміз бүгінгі отырысқа қатысқан жоқ. Бірақ, алаңдамаңыздар, бәрі аман, дені сау. Біз жасы 65-тен асқан кейбір әріптесімізге дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынымдарына сәйкес жалпы отырыстарға қатыспай, үйде отыруға кеңес бердік»,-  деді спикер.

Нығматулин кворум (107 депутаттың 2/3) зейнеткер депутаттардың қатысуынсыз-ақ пленарлы отырыс өткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының санитарлық нормаларына сәйкес депутаттардың отыратын орны да өзгерді. Құдды бизнес кластағыдай», – деп әзілдеді мәжіліс төрағасы.

Айта кетсек, 18 наурызда мәжіліс қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Төменгі палатаның жалпы отырыстарына тек депутаттар мен әр заң жобасы бойынша негізгі баяндамашылар қатысады. Бүгін пленарлы отырысқа 107 депутаттың 82-і қатысып отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев 55 жастан асқан адамдардың үйде отыруын қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Өйткені олар коронавирус бойынша қауіп-қатер тобына кіреді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

228 адамға жетті: Коронавирус жұқтырғандар саны жылдам артып келеді

Нұр-Сұлтанда он сегіз, Алматы қаласында бір, Ақмола облысында тағы бір адам тіркеліп отыр, осылайша науқастар саны 228-ге жетті НҰР-СҰЛТАН, 28...

Қазақстандықтар шетелден оралған адамдарға наразылық білдіруде: Оларға неге кіруге рұқсат етілген?

Қазақстандықтар шетелден жаппай елге қайтарылып жатқан азаматтарға байланысты наразылықтарын білдіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  Көптеген қазақстандықтар шетелде қалған азаматтарды пандемия кезінде елге жаппай қайтарып жатқан үкімет басшыларына ашулы....

Бұл бейқамдық ауруханада науқастарға орын жетпеуіне әкелуі мүмкін – Абаев

«Қазір шетелге шықпай-ақ ауру жұқтырғандар саны өсуде. Бұл дегеніміз – ауру қонақта, туыстардың үйінде, лифтте, автобуста, яғни кез келген жерде жұғуы мүмкін дегенді білдіреді. Көп...

АЛМАТЫДАҒЫ КЕЙБІР БЛОКПОСТТЫ АТТЫ ПАТРУЛЬ БАҚЫЛАЙДЫ

Карантин периметрінің қол жетімсіз жерлерін Алматы полициясы атпен жүріп бақылайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жалпы, Алматы қалалық ПД құрылымында қаланың ерекшелігі мен инфрақұрылымы ескеріліп атты бөлімдер қарастырылмаған....

Вирус таралуын бақылай алмай қалу қаупі туындап отыр – Министр

«Бұл тікелей эфирді онлайн брифинг емес, үндеу деп қабылдаған жөн. Өздеріңіз көріп отырсыздар, індеттің таралуы үдеп барады. Бір түнде коронавирус жұқтырған қырықтан астам адам...
- Advertisement -