Жексенбі, Наурыз 29, 2020

«Енді елімізде митинг басқаша өтеді» Жаңа заң жобасы мақұлданды

Көп оқылды

228 адамға жетті: Коронавирус жұқтырғандар саны жылдам артып келеді

Нұр-Сұлтанда он сегіз, Алматы қаласында бір, Ақмола облысында тағы бір адам тіркеліп отыр, осылайша науқастар саны 228-ге жетті НҰР-СҰЛТАН, 28...

Қазақстандықтар шетелден оралған адамдарға наразылық білдіруде: Оларға неге кіруге рұқсат етілген?

Қазақстандықтар шетелден жаппай елге қайтарылып жатқан азаматтарға байланысты наразылықтарын білдіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  Көптеген қазақстандықтар шетелде қалған азаматтарды пандемия кезінде елге...

Бұл бейқамдық ауруханада науқастарға орын жетпеуіне әкелуі мүмкін – Абаев

«Қазір шетелге шықпай-ақ ауру жұқтырғандар саны өсуде. Бұл дегеніміз – ауру қонақта, туыстардың үйінде, лифтте, автобуста, яғни кез келген...

Мәжілістің жалпы отырысында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру туралы» заң жобасы қаралды. Құжатты депутаттарға ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев таныстырды.

Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

«Біз еліміздің демократиялық даму жолында өте маңызды заң жобасын мақұлдадық. Біріншіден, осы бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне мәжілісте енгізілген өзгерістер ең алдымен мемлекеттік органдардың халықпен байланысын күшейтуге ықпал етеді», – деді мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Оның айтуынша, екіншіден, бұл құжат азаматтарға кез келген мәселені ашық және еркін талқылауға мүмкіндік береді.

«Мысалы, бұрынғы заңда митинг өткізу үшін бірінші кезекте рұқсат алу керек болатын. Қазіргі құжатта ең бастысы – бейбіт жиынға қанша адам қатысатынын, қандай мәселе болатынын және қайда өтетінін алдын ала ескерту қажет. Тағы бір ерекшелігі – ұйымдастырушылар мен қатысушылардың мемлекеттік органдардың жауапкершілігі қаралып, журналистердің құқықтары мен міндеттері белгіленіп отыр. Осының барлығы мемлекет, қоғам үшін өте қажет», – деп түйіндеді сөзін Нығматулин.

Айта кетейік, осыған дейін мәжіліс төрағасы бүгін кейбір депутаттардың неге жұмысқа шықпағанын түсіндірген болатын.

1 Пікір

  1. Айналайындар.Біздің елде Қазақстан деген мемлекет жоқ.Неге Барлық жерде Қазақстан деп сөйлейсіңдер.Конститутцияны жақсылап тұрып оқыңдар.Бұл Қазақ мемлекеті,Орысшасы Казахская республика. Ал енді Қазахстан деген сөздің аудармасы миларыңа құйып алыңдар:Қазақ-менмін, Стан деген-бұл 15-16 ғасырдағы Ресейдің аймақтық бірлігі,бұл Уъезд деген сөз,бір уъезде екі-үш Стан болған.оны полицайлар басқарған,Полиция-бұл бірақ адамның құқығын қорғайтын мекеме,(Назарбаевты)

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

228 адамға жетті: Коронавирус жұқтырғандар саны жылдам артып келеді

Нұр-Сұлтанда он сегіз, Алматы қаласында бір, Ақмола облысында тағы бір адам тіркеліп отыр, осылайша науқастар саны 228-ге жетті НҰР-СҰЛТАН, 28...

Қазақстандықтар шетелден оралған адамдарға наразылық білдіруде: Оларға неге кіруге рұқсат етілген?

Қазақстандықтар шетелден жаппай елге қайтарылып жатқан азаматтарға байланысты наразылықтарын білдіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  Көптеген қазақстандықтар шетелде қалған азаматтарды пандемия кезінде елге жаппай қайтарып жатқан үкімет басшыларына ашулы....

Бұл бейқамдық ауруханада науқастарға орын жетпеуіне әкелуі мүмкін – Абаев

«Қазір шетелге шықпай-ақ ауру жұқтырғандар саны өсуде. Бұл дегеніміз – ауру қонақта, туыстардың үйінде, лифтте, автобуста, яғни кез келген жерде жұғуы мүмкін дегенді білдіреді. Көп...

АЛМАТЫДАҒЫ КЕЙБІР БЛОКПОСТТЫ АТТЫ ПАТРУЛЬ БАҚЫЛАЙДЫ

Карантин периметрінің қол жетімсіз жерлерін Алматы полициясы атпен жүріп бақылайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жалпы, Алматы қалалық ПД құрылымында қаланың ерекшелігі мен инфрақұрылымы ескеріліп атты бөлімдер қарастырылмаған....

Вирус таралуын бақылай алмай қалу қаупі туындап отыр – Министр

«Бұл тікелей эфирді онлайн брифинг емес, үндеу деп қабылдаған жөн. Өздеріңіз көріп отырсыздар, індеттің таралуы үдеп барады. Бір түнде коронавирус жұқтырған қырықтан астам адам...
- Advertisement -